$489.15 €533.47 ₽5.64
×

Таразда 15 жастағы қыз өгей әкесінен бала туды

AstanaTV
09.02.2025ж. 20:21
523
Таразда 15 жастағы қыз өгей әкесінен бала туды

Таразда 15 жастағы жүкті қыз облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілген соң, бірден полицияға хабар түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қыздың 54 жастағы өгей әкесі бірден күдікке ілінген. Ерлі-зайыптылардың үш қызы бар. Оның біріншісі өзге некеден, ал екіншісі туған қызы. Алматыда ДНҚ-ның тәуелсіз сараптамасы ер адамның әкелігін растады. 

Полицейлер Қылмыстық кодекстің 122-бабының 3-бөлігі бойынша (өгей әкесі жасаған он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер) іс қозғады. 

Өгей әкеге 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.