$488.53 €531.91 ₽5.68
×

Қазақстанда медициналық авиация ұшақтары жаңартылады

AstanaTV
09.02.2025ж. 23:44
381
Қазақстанда медициналық авиация ұшақтары жаңартылады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медициналық авиацияның ескі ұшақтары жаңа, заманауи әрі тиімді ұшақтарға ауыстырылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство басшысының айтуынша, бұл еліміздің ең шалғай түкпірлерінің тұрғындары үшін шұғыл медициналық көмекті қауіпсіз әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

"Біз ескі медициналық авиация ұшақтарын жаңа, заманауи және тиімдірек ұшақтарға ауыстыру процесін бастаймыз. Бүгін "Еурокоптер Қазақстан инжиниринг" зауытының өндірістік алаңында медициналық авиацияны дамыту және әуе кемелері паркін жаңарту перспективаларын талқыладық. Airbus Helicopters Kazakhstan Engineering бас директоры Себастьян Ксавье Джонатан кәсіпорынның медициналық авиация қызметтерін көрсету үшін жаңа H125 тікұшақтарын жеткізу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Жоспарланған әріптестік шеңберінде инвестициялар туралы келісім шарттарында біз тозған техниканы жаңа медициналық тікұшақтармен алмастыра аламыз. Бұл, ең алдымен, біздің пациенттер мен медицина персоналы үшін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ борттарда медициналық көмек көрсету үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау да маңызды".
Ақмарал Әлназарова

Министр сапар барысында Alaman Air әуекомпаниясына тиесілі екі медициналық модулмен жабдықталған Bombardier CRJ-200 турбореактивті мамандандырылған ұшағын қарағанын айтты.