Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі қарсаңында өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады, - деп жазды KAZINFORM
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқу-жаттығу жиыны 10-18 ақпан күндері Түркияның Белек қаласында өтеді.
Жиынның негізгі мақсаты – ұлттық құрамаға үміткерлерді қарау.
Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Дінмұхаммед Жомарт («Жеңіс»), Нұрасыл Тоқтаров («Атырау»).
Қорғаушылар: Ұлар Жақсыбаев («Ордабасы»), Ади Адамбаев, Алмас Төлібай (екеуі – «Елімай»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Асқар Сатышев («Тұран»), Амандық Набиханов («Атырау»).
Жартылай қорғаушылар: Абылайхан Назымханов («Елімай»), Серікжан Мужиков, Ален Айманов («Жетісу»), Жасұлан Жұмашев, Наурызбек Жагоров, Мейрамбек Қалмырза, Данияр Үсенов (бәрі – «Тобыл»), Равиль Атыханов («Атырау»), Давид Есімбеков («Черноморец», Ресей);
Шабуылшылар: Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»), Оралхан Өміртаев, Айбар Абдулла («Ақтөбе»).
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Уэльс, Лихтенштейн, Солтүстік Македония және Бельгия командаларымен бірге J тобына түсті.
Ұлттық құрама іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын 23 наурыз күні Уэльспен өткізеді. Үш күннен соң Лихтенштейнмен кездеседі. Екі ойын да сырт алаңда өтеді.