Қостанай облысында ТЖ қызметкерлері «Әулиекөл-Жалдама» бағытында қар құрсауында қалған автобустағы 11 баланы құтқарды. Олардың қасында тағы екі ересек адам болған. Оқушылар спорт сайысына қатысу үшін жолға шығыпты.
Жолаушылардың бәрі Амантоғай ауданындағы жылыту пунктіне жеткізілді. Мұның сыртында тағы жолда қалған жеті жеңіл көлік қардан тазартылған қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.
Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды.