Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

ҰБТ-ның алғашқы нәтижелері шықты

AstanaTV
21.06.2017ж. 20:00
2835
ҰБТ-ның алғашқы нәтижелері шықты

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы қорытындысы белгілі болды. Республика бойынша түлектердің жинаған орташа ұпайы 75,53 баллды құрады.

Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 20 маусым күні өткен сынаққа 15862 түлек қатысты. Тестілеу кезінде тәртіп бұзғаны үшін 3 адам аудиториядан шығарылды. Енді олардың жауаптары жойылады. Сондай-ақ, Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күнінде 22 мыңнан астам тыйым салынған заттар алыныпты. Айта кетейік, ҰБТ 1 шілдеге дейін жалғасады, биыл оны 92827 түлек тапсырғалы отыр.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ