Ақтөбеде қақаған қыста баспанасы өртеніп далада қалған отбасы жаңа үйге кірді. Қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Шынар Ершілік демеушілер тауып, қолдау көрсетіп, жаңа баспана алуға көмектесті. Қиын жағдайда қалған отбасыға мемлекет тарапынан 360 мың теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетілген. Басқа барар жері болмағандықтан жанұя ескі сарайды паналаған. Бұл жағдайды естігін қалалық мәслихат депутаты көмек қолын созып, демеуші іздепті.
ШЫНАР ЕРШІЛІК, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Сондай қиын жағдайда, тұрып жатқан сарай төбесі құлауға жақын тұр екен. Қысты күні оңай емес. Сосын спонсор іздедік. Өзімнің жақындарыма айтып көріп едім. Бір жақын құрбым қолдап, «Біз көмектесейік» деп ниет білдірді. Көп ұзамай үй іздедік. Үйді осындай ауласы кең тауық, ешкі ұстағым келеді деген соң жер үй іздедік. Сен өз округыма көшіріп алдым. Қазір осында.
Отбасының азаматы жүк тасып, нәпақа табады.Мүмкіндщігі шектеулі бала тәрбиелеп отыр. Тапқан таянғаны осы сырқат қызын емдетуге кететін көрінеді. Енді қайырымды жандардың көмегімен отбасының қаланың ішінде төрт бөлмелі кең сарайдай үйі бар. Бүгін отбасы жақындарын жинап, қоныс тойын тойлады. Осы үйге көшкен бойда отбасында тағы бір сәби дүниеге келді. Қуанышы еселенген жанұяны тағы бір қалалық мәслихат депутаты үйін жихазбен толықтай жабдықтап , қуантпақ.
ҚҰРАЛАЙ ҚОСЫМБЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Баламның үйі өртеніп кетіп, не істерімізді білмей қалдық. Одан қызы бар инвалид ол қызды емдетіп жүргенбіз. Үйі қыста өртеніп, қайда барамызды білмей жалтақтап жүргенде осы депутаттарға рахмет. Осындай қуанышты қылып кең үйлер берді. Бар затын әкеп беріп жатыр. Жетпеген затын әкеліп беріп жатыр. Қуаныштымыз. «AMANAT» партиясына, барлығына рахмет. Алла разы болсын!