Оралдық жасөспірімдердің қатысуымен болған қылмыс былтыр 11% азайған. Дегенмен кәмелетке толмағандар арасында ұрлық, алаяқтық, бопсалау және тонау оқиғалары әлі кездеседі. Осындай дерек келтірген прокуратура өкілдері студенттермен кездесіп, қылмыстың түбі жаза екенін түсіндірді. Өйткені соңғы жылдары есірткі таратып істі болғандардың арасында жастар көбейген. Құзырлы орган өкілдері оңай олжаға қызығып, арандап қалмау керектігін түсіндірді. Сонымен қатар бүгінде кеңінен тараған буллинг пен топтасып төбелесудің зиянына тоқталды. «Заң және тәртіп» тақырыбындағы мұндай кездесулер қазір облыстың барлық ауданында өтіп жатыр.
ЖАНАР ИМАНҒАЛИЕВА БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:
Өкінішке орай, бізде былтыр кәмелетке толмағандар арасында есірткімен байланысты қылмыстар көбейіп отырған болатын. Сондықтан да оларға арнайы бейнероликтерді көрсетіп, осы үшін сотталған тұлғалардың интервьюін көрсету арқылы оның қандай салдары барын, өздері ғана қалатындығын достарының яғни жаман әдеттерден өздерінің алдын алуын сұрап отырмыз.