$495.28 €538.32 ₽5.77
×

Тобыл өңірінің өрендері еліміздің экологиялық түйткілдерін көтерді

10.02.2025ж. 20:00
187
Тобыл өңірінің өрендері еліміздің экологиялық түйткілдерін  көтерді

Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы -халық қолдауына ие болған бірегей жоба.Экоакция ұрпақ тәрбиесіне де ерекше әсер етіп отыр.Өскелең буын өз өлкесін, ауласын, қаласын тазалау жұмыстарына белсене қатысып келеді. Жас ұрпақ «Таза Қазақстан» бастамасының бір күндік науқан емес, жалпыхалықтық сипат алған экологиялық қозғалыс екенін жақсы түсінеді.Сондықтан білім ошақтарында ай сайын ұйымдастырылатын эко-шараларға ерекше атсалысып келеді. Бүгін Рудныйдағы нөмірі 17-ші мектеп оқушылары еліміздің экологиялық проблемаларын талқыға салу үшін дөңгелек үстел басына жиналды. Шәкірттер өзекті тақырыпты терең қамтып, зерттеу жүргізген. Ғылыми жұмыстар жазған.

АИДА ЖҰМАБЕКОВА, МҰҒАЛІМ:

Біздің мектепте әр айда әртүрлі іс шаралар ұйымдастырылып жатыр.Біз оқушыларымызды кішкентай кезінен экологияны таза ұстауға, өз еліне патриот болуға тәрбиелейміз.Әр адам өзінен бастау керек.Сондықтан кішкентай кезінен біз үйретіп жатырмыз. Үйін, ауласын, даласын таза ұстауға. Таза қала –таза ел деп үміттенеміз.