Елімізде 2400-ден аса аудан және ауыл басшысы "Әкімдер мектебі" жобасына қатысады. "AMANAT" партиясында Үкіметтің Өңірлік саясат жөніндегі жобалық кеңсесі Сараптамалық орталығы ашылды. Ол жаңа жобаны жүзеге асырумен, басқару процестерін цифрландырумен, аудандық және ауылдық округ әкімдеріне экономикалық даму бағдарламаларын іске асыруға көмектесумен айналысады.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жасап жатқан жобаларымыздың барлығы Мемлекет басшысының тарапынан қолдау тауып жатқанын өздеріңіз білесіздер. Сондықтан Президент осы жобаны қолдады. Үкіметке тапсырма берді. Осы жобалардың көбі қазір жалпыұлттық, жалпыхалықтық жобаға айналды. Біз бұған дейін "Ауыл аманаты", "Жер аманаты", білесіздер "Қарызсыз қоғам" сол жобалардың барлығы ауылды көтеруге бағытталған. Соның ішінде бүгін біз бір сондай тағы бір жақсы жобаны бастап жатырмыз.
Оқу курсы ауылдық округтердің экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеу және оларды тәжірибеде қолдану әдістемесін үйретуге бағытталған. Әкімдер ең алдымен өз ауылдарының экономикалық мамандандырылуын анықтайды. Сондай-ақ өнім өндіруден бастап, оны сертификаттау мен сатуға дейінгі тікелей тізбекті құруды үйренеді.
НҰРЛЫБЕК МҰҚАНОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметке нақты тапсырма берген болатын. Яғни әкімдердің біліктілігін арттыру жөнінде әкімдердің мектебін ашу мақсатында және де осы әкімдерді оқыту мақсатында "Amanat" партиясының тәжірибесін қолдануды да жіті тапсырған болатын. Біз өңірлерден келген лекторларды оқыту, дәріс беру жұмысын ұйымдастырып жатырмыз қазіргі таңда. Осы біздің лекторлар болашақта ауылдық округтердің әкімдерін мемлекеттік қызмет істер жөніндегі агеттікпен бірігіп дәріс беретін болады.
РАФИҒАТ ТӘЖИДЕНОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ИСАТАЙ АУДАНЫ ҚАМЫСҚАЛА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
Әкімдер мектебінің ашылуы біздер үшін үлкен қолдау болып жатыр. Әкімдер мектебінің дайындаған әдістемелік ұсынымдарының арқасында жергілікті жердегі халықтың табысын молайту үшін көптеген жұмыстардың орын алатыны белгілі. Біздер инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта аламыз. Жергілікті халықтың табысын арттыруға атаулы әлеуметтік көмек алатын үлесін азайтуға не болмаса кооперацииялық сату тізбектерін жасақтауға көптеп көмектеседі.