Енді конкурстар мен аукциондар жеңімпазы ең көп дегенде 10 жұмыс күні ішінде анықталады. Мемлекеттік сатып алудың мерзімі бірнеше есе қысқартылды. Бұл әлеуметтік маңызы бар жобаларды жедел іске қосуға және олардың бағасының көтерілу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Жеңімпаздар негізінен жергілікті компаниялар болады. Осы арқылы аймақтардың бизнесі мен экономикасы қолдау таппақ.
ДӘУРЕН КЕҢБЕЙІЛ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Рейтингтік балдық жүйе енгізіліп отыр. Рейтингтік балдық жүйеге сәйкес мердігер 5 жұмыс күнінде таңдалынып алынады. Рейтингтік балдық жүйенің қорытындылары шағымдануға жатпайды. Рейтингтік балдық жүйеде адами фактор жоқ.