$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Қазақстанда былтыр 565 адам кісі қолынан қаза болды – ІІМ

10.02.2025ж. 20:00
185
Қазақстанда былтыр 565 адам кісі қолынан қаза болды – ІІМ

Былтыр 565 адам кісі қолынан қаза болған. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Саденов мәлімдеді. Оның айтуынша, қылмыстық істер 90 жылдармен салыстырғанда әлдеқайда төмендеген. Адам өлімі бойынша 1997 жылы 2594 факт тіркелсе, өткен жылы 565 болған. Ал атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыс 1995 жылы 1,5 мыңға дейін жетсе, былтыр бұл көрсеткіш 118-ге дейін төмендеген. Топтасып жасалған қылмыстар бойынша да оң динамика байқалады. 1994 жылы олардың саны 24712-ге жеткен. Алайда соңғы жылдары айтарлықтай азайды. 2024 жылы топпен жасалған қылмыс 4,5 есе төмендеген.