$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Атырауда 35 жастағы тұрғын туысын өлтіріп, өртеп жіберген

10.02.2025ж. 20:00
173
Атырауда 35 жастағы тұрғын туысын  өлтіріп, өртеп жіберген

Атырауда 35 жастағы тұрғын 62 жастағы туысын өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Қылмысын жасыру үшін мәйіт пен гаражды өртеп жіберіпті. Қанды қылмыс қаладағы жеке үйлердің бірінде болған. Полицейлер күдіктіні ұстап, қамауға алды. Айтуларынша, туысының өмірін жалмаған жігіт арнайы есепте тұрған көрінеді.

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

62 жастағы әйел адамды өлтірді деген күдікпен оның 35 жастағы туысы анықталып ұсталды. Қазіргі таңда оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық Процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, жариялауға жатпайды.