Алматы облысында Еңбекші ауылындағы мешіт өртенді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, мешіттің жиһаздары мен шаруашылық заттары жанып кеткен. Ең жақын өрт сөндіру бөлімінің қашықтығы – 22 шақырым. Қазіргі уақытта өрттің нақты себебі анықталуда. Оқиға орнында өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің мамандары жұмыс істеп жатыр.