Қазақстан мен Қытай ғылыми ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруде. Алматыда Қазақстан-Қытай ғылым және технология трансфері орталығы ашылып, жасанды интеллект бағытында бірлескен зертхана құрылмақ. Бұл зертхана экология, табиғи апаттар және ауыл шаруашылығын цифрландыру салаларын қамтиды. Жаңа зертхана кеңістіктік-уақыттық деректерді талдау, жасанды интеллект пен геоақпараттық жүйелерді қолдану арқылы табиғи апаттар мен қоршаған орта өзгерістерін болжау бағытында жұмыс істейді. Қазақстандық мамандар үшін бұл жаңа технологияларды меңгеруге және халықаралық ғылыми қауымдастықпен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
ЧЕН СИ–ЧЖЭЦЯН, ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:
Қазақстанмен бірлескен бұл жоба – ғылыми ынтымақтастықтың маңызды қадамы. Біз жасанды интеллект пен кеңістіктік-уақыттық деректерді зерттеу арқылы табиғи апаттардың алдын алу, су ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығын дамытуға көмектесетін жаңа технологияларды енгіземіз. Бұл тек екі ел үшін емес, бүкіл өңір үшін үлкен маңызға ие.