$495.28 €538.32 ₽5.77
×

Жамбылда жоғары шенді полицей қамауға алынды

10.02.2025ж. 20:00
223
Жамбылда жоғары шенді полицей қамауға алынды

Жамбылда жоғары шенді полиция қамауға алынды. Байзақ ауданындағы полиция бөлімі бастығының орынбасары үш қызметкерімен бірге ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды деген күдікке ілінді. Күдікті 10 млн 700 мың теңге көлеміндегі ұрлық туралы арызды Біріңғай сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркемеген. Прокуратура қылмысты есептен жасыру үшін 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделгенін ескертті.

ЖАЛҒАС КӨШЕРБАЕВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:

Ол жерде полиция қызметкерлері қорқыту, басқа да құқыққа сыйымсыз іс-әрекеттер жасап, арызданушыны арыз жазуға бас тартуға мәжбүрлеген. Ашылмаған қылмыс қой, ашылмаған қылмыстардың статистикасы көтеріліп кетпеуін, соның мүдесінде жасалып отыр.