Таразда 15-тегі оқушы қыз өмірге сәби әкелді. Бала қыздың өгей әкесінен болуы мүмкін. Азғындыққа барды деген күдікпен 54 жастағы азамат қамауға алынды.
Жасөспірімнің аяғы ауыр екенін анасы да, оқу орнындағылар да аңғармаған. Тек ішім ауырды деп жедел жәрдем шақырып, перзентханаға барып босанғанда бір-ақ білген. Ал емхана дәрігерлері алгоримге сай шағым болмаған соң жүктілік бойынша есепке алынбағанын айтады.
АЛИЯ ШАТАЕВА, № 7 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Бұл қыз дәрігерге келіп жүргенде үнемі осы өгей әкесімен келіп жүрген қабылдауға. Қазіргі таңды нәресте біздің дәрігерлердің бақылауында. Жақсы салмақпен босанды. Анасы өзі емізуде. Дәрігердің қабылдауына келіп тұрады.
Мектеп қабырғасында аяғы ауырлаған жасөспірім, жүктілігінің төртінші айында Жамбыл жоғарғы медициналық колледжіне оқуға түскен. Себепсіз сабақтан қалмаған оқу үлгерімі де жақсы болыпты. Тек өткен жылы желтоқсан айында дене шынықтыру сабағынан шығып, іші ауырып жедел-жәрдем шақырған. Сол кезде ғана жағдайы мәлім болған.
ӘСЕМ ӨСКЕНБАЕВА, ЖАМБЫЛ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ МҰҒАЛІМІ:
Өгей әкесін оқып жүргенде мүлде айтқан жоқ. Бірақ іс біткен кезде әкесі мойындаған кезде маған айтқаны, мен жеңілдікті сезіндім деді. Іштей. Жеңілдендім дегені оның әкесі айтып отырады екен айтпа мен екенімді. Осы мен айтқан ақпарат бойынша үнемі айтасың деп қорқытатын екен. Қазір қысым жоқ деп айтты.
Баланың әкесі-қыздың өгей әкесі болуы мүмкін. ДНҚ талдауы жасалған. Күдікті қамауға алынды.
ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Қылмыстық әрекетті жасады деген күдікпен қыздың 54 жастағы өгей әкесі анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бірқатар қажетті сот-медициналық сараптамалар қатары тағайындалды.
Бұл оқиғаға қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева да пікір білдірді.
ДИНАРА ЗӘКИЕВА ҚР БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ:
15 жасында балалы болған қыздың туған әкесі 11 жыл бұрын өмірден озған. Кейін анасы өзге адаммен көңіл қосып, екінші некеден тағы екі қыз туған көрінеді. Жүкті болған жасөспірімнің өгей әкеден қашаннан бері қорлық көргені белгісіз.