$495.28 €538.32 ₽5.77
×

Былтыр 2,6 млн тонна картоп жиналды - А. Сапаров

AstanaTV
11.02.2025ж. 12:00
326
Былтыр 2,6 млн тонна картоп жиналды - А. Сапаров

2024 жылы 2,6 млн тонна картоп жиналды. Бұл туралы ауыл шауашылығы министрі айтты, деп хабарлайды Astana TV.

Былтыр елімізде рекордтық көлемде астық жиналды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 60 пайызға артық. Көлемі 27 миллион тоннаға жуықтады. Сондай-ақ 6 миллионнан аса майлы дақылдар мен картоп жиналды. Ал көкөністің көлемі, шамамен, 4 миллион тоннаға жуықтаған.

Қазақстан жыл сайын 8-9 миллион тонна астық экспорттайды. Оның жартысынан көбі – бидай. Еліміз өнімді 40-тан астам елге экспорттайды. Олардың қатарында Ауғанстан, Қытай, Түркия, Иран, Тунис, Италия бар.

Жалпы, жөнелтілетін өнімнің басым бөлігі Орталық Азия елдеріне жіберіледі.

Былтыр қараша айында 6 миллион тоннадан астам астық экспортталды.