$503.42 €542.08 ₽6
×

Наурыз айынан бастап кейбір смартфондар «қара тізімге» еніп, істен шығады

AstanaTV
11.02.2025ж. 15:47
321
Наурыз айынан бастап кейбір смартфондар «қара тізімге» еніп, істен шығады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұялы байланыс телефондарына арналған жаңа ережені бекітті. 2025 жылдың 24 наурызынан бастап смартфондардың «қара тізімі» пайда болады, деп хабарлайды Orda.kz.

Министрлік осылайша гаджеттердің заңсыз айналымымен күреседі. 24 наурыздан бастап идентификациялық кодтар базасының операторы құрылғылардың ұялы байланыс желілерінде заңды түрде қолданылуын тексереді. Егер құрылғы ресми дүкеннен сатып алынса, барлық салықтар мен кедендік төлемдер төленген болса, ол «ақ тізімге» енеді. Ал құрылғының шығу тегі күмән тудырса (мысалы, IMEI-код қайталанса), оны «сұр тізімге» енгізеді. Пайдаланушы 30 күн ішінде «ақ тізімге» қосылу үшін заңды сатып алғанын растайтын құжаттарды ұсынуы керек. Егер телефон қолдан жасалған немесе ұрланған болса, ол «қара тізімге» енгізіледі және байланыс желілеріне қосыла алмайды.

Бұл өзгерістер 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін қолға алынған. Сол кезде дүкендер мен ұялы операторлардың кеңселерінен жүздеген телефон ұрланған. Бұл құрылғылар қайталама нарыққа тарап, әлі күнге дейін арнайы сайттарда сатылып жатқан көрінеді. Сондықтан қолданыстағы ұялы телефондар түгел тексерістен өтеді.