Алматыда «Жастар Рухы» Жастар Қанатының ұйымдастыруымен қазақ тілі және мәдениетін дамытуға бағытталған «Сөйле» спикинг клубының кезекті маусымы басталды. Бұл жоба қазақ тілін меңгергісі келетін және өз ойын еркін жеткізуді үйренгісі келетіндерге арналған. Клубтың мақсаты – қазақ тілінде еркін сөйлеуді дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және жастардың қоғамдық тақырыптарға ашық пікір білдіруіне жағдай жасау. Клуб кездесулерінде қатысушылар тәжірибелі спикерлердің дәрістерін тыңдап, түрлі пікірталасқа қатысып, өз ойларын еркін жеткізуге машықтанады.
ДИДАРБЕК ДІЛДӘБЕК, “ЖАСТАР РУХЫ” ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
50-60 біздің қатысушымыз бар. Олардың барлығы осы қазақ тілін үйренгісі келетін, жаңағы ішінде өзге ұлт өкілдері бар. Біз нөлден бастап үйретеміз. Екі күнде екі түрлі бағытта мысалы бір күнге жаңадан қосылып жатқандар шақыратын болсақ және келесі күні осы уақытқа дейін оқып жатқан жаңағы бір сөзбен айтқанда ізденушілерді шақырамыз.