"Мың бала" ұлттық олимпиадасына тіркелу басталды. Байқауға ауылда оқитын 6 сынып оқушылары ғана қатысады. Өтінімдер 10 наурызға дейін қабылданып, шәкірттер тегін бақ сынайды. Жобаға 1 күнде 6500 оқушы тіркелген, ал елде 6-шы сыныпта оқитын 160 мыңнан астам бала бар. Биыл оның кемі 60%-ін қамту жоспарланып отыр. Екі кезең бойынша үздік нәтиже көрсеткендер мамандандырылған танымал мектептерде оқуын жалғастыра алады.
АБЫЛАЙХАН ҚАЙРОЛЛАЕВ, "EL UMITI" КҚ ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Осы жылы "Мың бала" олимпиадасының ең алғашқы түлектері 11 сынып бітіріп, мектептен шығатын болады. Сол оқушыларға қолдау көрсетеміз. Және де осы жылы олимпиада толықтай онлайн форматта өтеді. Ол онлайн форматта біз прокторинг жүйесі арқылы қосатын боламыз. Ол академиялық әділдікті көрсететін болады.
АЙЫМ РАҚЫШЕВА, ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ:
Бұл жоба қаншама мүмкіндік беретіндігі туралы біліп, өзімнің бағымды сынайын деп, қатысып көрейін деп шештім. Бұл жобаға қатысу арқылы мен ең үздік мектептердің қатарында білім алып жатырмын.