Ақтөбеде жұмыс уақытында қаза тапқан Жұма Құрмановтың жақындары әділдік іздейді. Олар облыстық еңбек инспекциясын сотқа берген. Марқұмның туыстары азаматтың ішімдік ішіп, жұмысқа кіріскен деген тексеру қорытыңдысымен келіспейді. Қайғылы жағдай былтыр тамызда болды. «Ембіжылу» коммуналдық мекемесінің бес қызметкері кәріз құбырын жөндеуге келеді. Құдыққа түскен екі адам ажал құшқан. Қалған екеуі жарақатпен ауруханаға түседі. Кейін еңбек инспекциясы бұл оқиғада жетпіс пайыз жұмыс беруші , отыз процент жұмысшының кінәсі бар деген қорытынды шығарған. Ал сот медициналық сараптама екі жұмысшы уланып қаза тапқанын анықтаған.
АСЛАН ҚҰРМАНОВ, МАРҚҰМНЫҢ БАЛАСЫ:
Работниктің қанында дейді. Экспертиза қорытыңдысы 0,49 метил спирті табылды дейді. Менің әкемде 0,49 пайыз, ал қасындағы адамда 0,46 пайыз дейді. Менің әкем деген 99 жылдан бері почти 25 жыл ішпеген адам. 99 жылы қойып кеткен. Біз оған қарсы жаздық. Неге қалай ішпеген адамның қанында спирт табылып тұр. Мочада жоқ, қанында шығып тұр. Опьянениемен жұмысқа кірді деп сондай қылып тұр.
Бұл шешіммен марқұмның жақындары келіспей еңбек инспекциясын сотқа берген. Қазір сот ісі жүріп жатыр.
ТАЛҒАТ ИСКАРИН, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Тергеп-тексеру жүргізілді. Комиссия құрылды. Комиссия қорытындысы бойынша жұмысшының да, жұмыс берушінің де кінәлары болды. Екі жақтың кінәсі бойынша баға берді. Тергеп-тексеру бойынша хаттамалар, түсініктемелер бүкіл Еңбек кодексінің талаптары, ережелері бойынша тергеу-тексеру жүргізілді.