"Мемлекет басшысының кез келген тапсырмасы мен бастамасы - елдің дамуы үшін аса маңызды". Президенттің кеңесшісі-Баспасөз хатшысы Берік Уәли «Айқын» газетіне берген сұхбатында осылай деді. Жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында көтерілген салық саясаты, экономиканы әртараптандыру, жаһандық сын-қатерлер секілді маңызды мәселелер туралы айтты. Бұл орайда Үкіметке өте үлкен жауапкершілік жүктелгенін жеткізді.
БЕРІК УӘЛИ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ - БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Мемлекет басшысы стратегиялық бағыттарды белгілеп, желдің қай жақтан соғатынын, оған қарсы амалдарды санамалап айтып берді. Енді Үкімет мүшелері мен басқа да тиісті органдар осы міндеттерді орындауға жан-тәнімен кірісіп, бүкіл күш-жігерін жұмылдыруы керек. Бұл ретте Президент экономиканың барлық саласына инвестиция тартудың өте өзекті екенін атап көрсетті.