$495.28 €538.32 ₽5.77
×

Жамбылда Талас өзенін жағалай жатқан 6 елдімекенді су басу қаупі төніп тұр

11.02.2025ж. 20:00
160
Жамбылда Талас өзенін жағалай жатқан 6 елдімекенді су басу қаупі төніп тұр

Жамбылда Талас өзенін жағалай жатқан 6 елдімекенді су басу қаупі төніп тұр. Себебі, Қырғызстанның «Чоң Қақпа» су қоймасы толуға жақын. Көрші ел Талас өзеніне күнделікті 33 текше метр су жіберуде. Таудағы қар еріп, оған жаңбыр қосылса, судың көлемі тіпті көбеюі мүмкін. Қарасай, Жасөркен, Қызылқайнар, Сарыкемер, Қостөбе және Тектұрмас елдімекеніндегі 20 мың тұрғынға қауіп төніп тұр. Сондықтан жауаптылар өзен арнасын кеңейтіп, қамыс пен тал басқан тұстарын тазартып, ағысын қалыпқа келтіріп жатыр. Жергілікті бюджеттен 260 миллион теңге бөлінді.

ҚАНАТБЕК МӘДІБЕК, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

7-аймақ қазір шекарада белгілі болып тұр. Ол жерге ҚазСуШар кәсіпорынының техникалары жұмыс істеп арнаны кеңейту жұмыстарын ұйымдастырды. Бүгінгі күнге 3 шақырымға дейін ұзындығы механикалық тазалау және жағалау бекіту жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек таулы аумақтағы 6 учаскеде сел жүруі мүмкін деген де болжам бар. Өңірде арнайы штаб құрылған. Оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылуда.

ЕРБОЛ ӘМІРОВ, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ БАСТЫҒЫ:

Су тасқынының алдын алу мақсатында ТЖД жергілікті атқарушы органдар және азаматтық қорғау қызметтерінен барлығы 485 дана техника 1927 адам 132 мотопомпа 88 орын бекітілген адамдарды орналастыру үшін. Сонымен қатар 19 құтқару қайықтары да белгіленген.