$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Тобыл өңірінде заңсыз алтын қазбақ болған тұрғындар ұсталды

11.02.2025ж. 20:00
144
Тобыл өңірінде заңсыз алтын қазбақ болған тұрғындар ұсталды

Қостанай облысында жеті қат жер астынан кен қазбақ болғандардың жолы кесілді. Жітіқара ауданының қос тұрғыны бағалы металдарды заңсыз іздегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аққарға ауылының маңындағы кен орнында заңсыз кен іздеумен айналысқан екі азаматты шекара мен аудандық прокуратура қызметкерлері бірлесіп анықтаған. Оларда ешқандай рұқсат қағазы болмаған.Табиғи байлық іздеген тұрғындардан 5 миллион теңге тұратын металл іздегіш құрал тәркіленді. Заңсыз кен іздеушілерге қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот үкім шығарды.

ЛӘЗЗАТ БАЙҒОЖИНА, ОБЛЫСТЫҚ СОТ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Екі азамат әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463 бабының бірінші бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды.Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулыларымен аудандық соттың қаулысы өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді.