$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Елордада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі басталды

11.02.2025ж. 20:00
320
Елордада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі басталды

«Жұмысшы мамандықтар қаласы». Елордада республикалық фестиваль басталды. Бұл – еліміздегі жұмысшы мамандықтары жылын ресми түрде ашатын алғашқы шара. Қалашық болашақ жұмысшы мамандардың, жұмыс берушілер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзара әрекеттесу алаңына айналмақ. Нәтижесінде 4 мыңнан астам студент кәсіпорындарда тәжірибеден өтіп, жұмыспен қамтылады. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты. Алдағы бірнеше күнде шеберлік сыныптары, мұнай және энергетика салаларындағы тақырыптар бойынша хакатондар, мамандықтар шеруі, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, стартап жобалардың таныстырылымы, машина жасау бойынша шеберлік сыныптары өтеді. Сондай-ақ сегіз тақырыптық көше ашылды. Онда кәсіби дамудың түрлі салалары мен бағыттарын көрсететін 40 креативті үй ұсынылған.

ЕДІЛ ОСПАН, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Бұл фестиваль арқылы түрлі кәсіпорындар колледждермен серіктес бола алады. Кадр тапшылығын жою мақсатында колледж серіктес компанияға студенттерді дайындайды. Өз кезегінде компания оқу орнын қажетті жаңа технологиямен жабдықтайды. Сондай-ақ студенттер кәсіпорында тәжірбиеден өтіп, дайын маман атанады. Оқу бітірген соң оларды бірден жұмысқа алады.

ДӘУЛЕТ СЕРІКБАЕВ, КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ:

Allur компаниясында слесарь мамандығы бойынша тәжірибеден өтіп жүрмін. Ай сайын жалақы төленеді. Тамағымыз бен жүріп- тұрғанымыз тегін. Өзімді дайын маманмын деп айтсам да болады. Тек жаңа технологиямен жұмыс істейміз. Аталған компания біздің колледжбен серіктес.