$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Атырауда жүгіріп ойнап жүрген бала 2 сағатта көз жұмды

11.02.2025ж. 20:00
187
Атырауда жүгіріп ойнап жүрген бала 2 сағатта көз жұмды

Жүгіріп ойнап жүрген бала 2 сағатта көз жұмды. Атырау тұрғыны 5 жасар қызының өліміне дәрігерлерді кінәлайды. Айтуынша, ақ халаттылар дер кезінде көмек көрсетпей, уақыт оздырып жүріп алған.

Әйгерім Хамидуллина бес жасар қызынан көз жазып қалғалы есін жия алмай жүр. Ақпанның екісі күні бүлдіршін өзін жайсыз сезініп, құса бастаған соң жедел-жәрдем шақырған. Олар дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізіпті. Мұнда жедел көмек беруге асықпады,- дейді өксігін баса алмаған ана.

ӘЙГЕРІМ ХАМИДУЛЛИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Дәрігер келіп болмады, баламда сахар 15 боп тұр ғой деп айттым. Монитор алып келеді, тамыр арқылы дәрі салғанға дейін мониторда сатурация 100 %, ал пульсі 137 болған, бұл тахикардияны білдіреді. + Баланың сол жерде давлениесін өлшемейді. Кеудесін тыңдап қарағанын көрген жоқпын.

5 жасар Жасмин былтырдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігі диагнозымен диализ қабылдап жүрген. Зерек бала үйден білім алыпты. Бауырымен аулада емін-еркін ойнайтын болған. Ата-анасы келер жылы бүйрек ауыстыруды жоспарлап қойған екен. Бар-жоғы екі-үш сағатта айырылып қалғанына әлі күнге сене алар емес.

ӘЙГЕРІМ ХАМИДУЛЛИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Системаның ортасында балам талып құлады. Мұрнына салған кислородта келіп тұрған жоқ балаға. Кислородпен алысады. Жасмин десем, жүрегі соқпай жатқанын байқаймын. Сол кезде жүрегіне массаж бастайды. Адреналин салмайсыңдар ма десем, дәрігер адреналин деп айтады. Неге соның бәрін айтып отыру керекпін. Неге сонЫң бәрін уақытында жасамасқа. Жүрегінің соқпай қалғанын алдын алуға болар еді.

Облыстық балалар ауруханасындағылар бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу үшін барлық жағдайды жасадық деп отыр.

БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Адреналин жөнінде мұндай жағдайда асистолия кезінде дефибриллятор қолданылмайды. Біздің реанимотологмыз тікелей емес жанама массаж жасаған жағдайда алгоритм этапы болады. Бірінші жүрекке жанама массаж жүргізіп, әрі қарай өзінің этабында адреналин жүргізіледі.Науқасқа толық жанын сақтап қалу жүргізілді.

Қалалық полиция басқармасы бұған қатысты қылмыстық іс тіркеп, тергеуді бастаған. БН НМ АТА