Бұл оқиғаға байланысты Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері жаңа ғана сұхбат берді. Оның айтуынша, Әмина Гусейнова ауруханаға түскен кезде бронхиттің белгілері болған. Сондықтан бекітілген протоколға сай ем жүргіздік дейді.
ӘДІЛБАЙ МЕДЕТБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Қылмыстық іс жүріп жатыр. Тәуелсіз сарапшылар тағайындалған. Сот медициналық сараптамасын біз күтіп отырмыз. Енді қазіргі бірінші, алғашқы рентген снимкасы жоғалып кетті деген ол шындыққа жатпайды. Ол бар. Біздің комитетіміз бар, сапа бақылау. Солардың тексеруінің нәтижесін күтіп отырмыз.