"Жұмысшы мамандықтары қаласы" фестивалінде “Самұрық-Қазына” қорына қарасты ірі жұмыс беруші компаниялары аллеясы ұсынылған. Олардың қатарында "KEGOC"-тың электрик үйі де бар. Компания көрмеге энергетика саласының дамуы туралы стенд ұсынған.
Фестивальде "KEGOC" АҚ-ның көрмесі жастардың ерекше назарын аударды. Олар компанияның атқаратын қызметін тамашалап, сала мамандарының күнделікті жұмыс істейтін құрал-жабдықтарымен танысты.
ЕРМАХАНБЕТ АТАҚҰЛОВ, "KEGOC" АҚ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ ҚҰРЫЛЫС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Көрмеде 500 кВт электр желісінде қолданатын қондырғыштар көрсетілген. Осындай тік тұрғыштар біздің Қазақстанның барлық аймақтарында қондырылған. Осының барлығы бір электр жүйесінің инфрақұрылымы болып есептеледі.
Мамандар компанияға қызығушылық танытқан жастарға елімізді үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету үшін қолданылатын инновациялық жабдықтар жайында айтып берді.
ЭЛЬВИРА ҚОНАҚБАЕВА, "KEGOC" АҚ СТРАТЕГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Осы фестиваль арасында жасалып жатқан іс-шаралардың барлығы біздің оқушыларымыздың, студенттеріміздің энергетика профессиясына деген қызығушылығын арттырып оларды энергетик маманын таңдауға ынталандырады деп үміттенеміз.
Қазір компанияда 4 жарым мың адам жұмыс істейді. Оның 90 пайызы жұмысшылар. Олардың қатарында 57 әйел бар. Ал 109 адам компания құрылғаннан күннен бастап жұмыс істеп келеді.
ТАЙБЕК ҚУАНДЫҚ, «KEGOC» АҚ "АҚМОЛА ЖЭТ" ФИЛИАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ:
Қызметім қосалқы станциялардың жабдықтарына техникалық қызметтер жүргіземіз. Осы көрмеге біздің компаниямыз қатысып жатқанына өте қуаныштымын. Осы мектеп оқушыларына біздің немен айналысатынымыз, қандай жабдықтарға қызмет жасайтынымыз барлығын сұрап жатыр, көрсетіп жатырмыз.
Компания еліміздегі 28 мың шақырым электр желісіне иелік етеді. Акционерлік қоғам 30 жылда айтарлықтай жетістікке жеткен. Былтыр әлеуметтік тұрақтылық рейтингінде 87 пайызбен көш бастаған. Бұл "Самұрық-Қазына" компаниялар тобы арасындағы жоғары көрсеткіш болып саналады.