$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Атырауда бөгет соғып, ақысын ала алмай жүрген кәсіпкер сотта әкімдікті жеңіп шықты

AstanaTV
11.02.2025ж. 20:00
259
Атырауда бөгет соғып, ақысын ала алмай жүрген кәсіпкер сотта әкімдікті жеңіп шықты

Атырауда көктемгі су тасқыны кезінде 18 шақырым бөгет бекітіп, еңбегінің ақысын ала алмай жүрген кәсіпкер сотта жеңіп шықты. Сот шешімімен әкімдік бизнес иесінің атқарылған жұмысына 625 миллион теңге ақы төлейді.

ОКСАНА ДӘУРЕШОВА, ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СОТ СУДЬЯСЫ:

«Қайыршақты  ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінен «АГК Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына 625 млн 417 мың 488 теңге көлеміндегі қарыз өндірілсін. «АГК Групп» серіктестігінің әкімдіктен 38 млн теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын өндіру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартылсын.

Кәсіпкер құрылыспен 10 жылдан бері айналысады. Қызыл су келгенде келісім-шарт негізінде қала іргесінен бөгет көтерген. Әу баста ақша төлейміз деп сендіргенмен, кейін қауіп сейілген соң әкімдіктегілер миллиондарды беруден айнып қалыпты. Ауылдық әкімдік пен кәсіпкер арасындағы сот жарты жылға созылды. Ол сот шешімін дереу орындауға жіберуді сұрады. Әкімдік қарызын өтесе, жиналып қалған жұмысшылар жалақысын төлеп, салық қарызын жабуды көздеп отыр.