$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Қарағандыда "Сарбаз болғым келеді" акциясы өтті

11.02.2025ж. 20:00
226
Қарағандыда "Сарбаз болғым келеді" акциясы өтті

Қарағандыда "Сарбаз болғым келеді" акциясы өтті. Оған жергілікті колледж студенттері тартылды. Олар Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінде болып, экскурсия жасады. "AMANAT" партиясының белсенділері осындай шаралар арқылы жастардың әскерге қызығушылығы артып жатқанын айтады. Жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерінен әскери бөлімдер мен өрт сөндіру деполарына экскурсия ұйымдастыру бойынша өтінім көбейген.

НҰРИСЛАМ ҚАМБАР, СТУДЕНТ:

Бөлімшеде, осы солдаттарға бүкіл жағдай жасалған екен. Әскери құрылғылар, яғни БТР, танктер дегенді көрдім өте қызықтырды солар мені. Өте кең және де әскерлерге толықтай барлығы жасалғанына көзім жетті.

ЗИЯТ СӘДУАҚАСОВ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ БЕЛСЕНДІСІ:

Жобаның мақсаты - әскери патриоттықты біздің жастарға сіңіру және болашақты олардың отанды қорғауға деген талпыныстарын ашу және көрсету болып табылады.