"ҚазАвтоЖол" АҚ хабарлауынша, "Ақтөбе-Орал-Ресей шекарасы" тас жолының учаскесінде ("Сырым" өткізу бекеті) қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҚазАвтоЖол" жариялаған ақпаратқа сәйкес, 12 ақпаннан бастап Батыс Қазақстан облысында Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы республикалық тас жолының Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы тас жолының 0-ден 36-шы шақырымына дейінгі учаскелерінде көлік қозғалысы шектеледі.
Осыған байланысты "Ақтөбе-Орал-Ресей шекарасы" автожолының 263-ші шақырымнан 265-ші шақырымға дейінгі бөлігі ("Сырым" өткізу бекеті) Атырау қаласы бағытындағы жол қиылысын қоса алғанда, ұзындығы 1,5 шақырымды құрайтын учаскесі жабылады.
Қозғалыс негізгі Ақтөбе – Орал – Ресей шекарасы тас жолының сол жағында орналасқан ұзындығы 2,2 шақырымды құрайтын уақытша айналма жол арқылы өтеді.