$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жолдар жабылды

AstanaTV
11.02.2025ж. 21:13
392
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жолдар жабылды

2025 жылғы 11 ақпан сағат 19:00-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдың 2 учаскесінде жол жабылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Атап айтқанда төмендегі аймақтарда жол қозғалысы тоқтаған:

ШҚО:

«Алматы - Өскемен-Шемонаиха - РФ шекарасы» автожолының 1013 - 1048 шақырым аралығындағы учаскесі (Абай облысының шекарасы-Ұлан ауылына бұрылыс)

Абай облысы:

Алматы–Талдықорған–Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым учаскесінде (Қалбатау ауылы-ШҚО шекарасына дейін).