Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 2-алтын медаль түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы сапында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов жарыс жолында Олимпиада чемпиондарын жеңіп кетті. Қазақстан - 97.92 ұпаймен қытайлықтарды басып озды.Шерзод Хаширбаев бұған дейін аралас командалық сайыста күміс жүлдегер атанған",- деп хабарлады Спорт және туризм министрлігінің баспасөз қызметі.
Фристайл-акробатикадан Харбиндегі Азиадад рекордтық 11 жүлде сарапқа салынып, Қазақстан спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде жеңіп алды.
Айта кетейік, 2011 жыл Жібек Арапбаева мен Руслан Аблятифов бұған дейінгі қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан жүлделі болған еді. Аяна Жолдас - дәл қазіргі сәтте қысқы Азиададан ел тарихындағы ең көп 3 жүлде (1 күміс, 2 қола) алған спортшы. Ол жеке, жұптық, аралас командалық сайыста медаль иеленді. Биыл фристайл-акробатикадан синхро бағдарламасы бірінші мәрте қысқы Азия ойындарының бағдарламасына енді.