Алматыда полиция жекеменшік үйдің қоршауын өртеген ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Алматы тұрғыны Tengrinews.kz редакциясының WhatsApp нөміріне (+7 777 001 44 99) хабарласып, белгісіз ер адам үйінің қоршауын қасақана өртеп жібергенін мәлімдеген. Оқиға 11 ақпанда сағат 11:30 шамасында Тұрғыт Озал көшесінде болған. Күдікті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
"Ол Төле би көшесінен үйіме қарай әдейі келген, қолында жанғыш сұйықтық толы канистр болған. Сол кезде іште кішкентай балалар болды", – деді алматылық әйел.
Абырой болғанда, өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.