$504.44 €545.65 ₽5.95
×

БҚО-да үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі іріктелді

12.02.2025ж. 20:30
341
БҚО-да үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі іріктелді

Батыс Қазақстан облысында үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі анықталды. Биыл «Үздік қоғамдық қабылдау бөлмесін» іріктейтін республикалық конкурста AMANAT-тың аудандағы филиалдары бақ сынамақ. Заман ағымына ілесіп, креативті көзқарас танытқандары жұмысын көрсету үшін КЮАР кодтың мүмкіндігін пайдаланса, ендігі бірі тындырған шаруасын графикамен кескіндепті. Бірақ сұлу сөз бен әдемі саннан гөрі, түйткілді мәселе шешілген нақты нәтижеге басымдық бердік, дейді ұйымдастырушылар. Сырым, Ақжайық және Тасқала аудандарындағы қоғамдық қабылдау бөлмелері үздік деп танылды.

Гауһар ШАЙХИНИЯЗОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚОФ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Біздер комиссия жұмыстың мазмұнына назар аудардық. Өйткен себебі барлық жұмыс, атқарылған шаруа, шешілген мәселелердің барлығы осы мазмұнында берілген. Халықтың аманатын орындаудағы, аманаттардың орындалуы, сонымен қатар сұрақтардың жедел шешілуі бағытында аудандар өздерінің үздік деген жұмыстарын көрсетуде.

Партияның Жамбыл облыстық филиалы да «Үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» байқауын өткізді. Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне былтыр 3683 өтініш түсіп, оның 62 пайызы оң шешілген. Кейбіріне заң аясында түсініктеме берілген. «Құқықтық көмек» жобасы аясында аптасына 2 рет заңгер, адвокат, нотариус және медиаторлардың қабылдауы өтеді.

САМАТ ТОҚПАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ САРЫСУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

Сарысу ауданымызда ағымдағы жылы 189 өтініш түсті тұрғындардан. Соның ішінде 117-сі оң шешімін тапты. Қалғанына заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын. Жалпы партияның жобасы өте аудымды. Осы байқау арқылы біз өзімізге көптеген білмеген жерлерімізді үйреніп, білгенімізді басқаларға үйретіп деген сияқты түрлі тәжірибе жинақтайтын боламыз.