Алматыда қоқыс өңдеу зауытынан 36 жастағы әйелдің бөлшектелген мәйіті табылды. Кәсіпорын қызметкерлері қалдықтарды сұрыптап жатқан сәтте осындай жантүршігерлік жайттың куәсі болған. Оқиға «Әлмерек» шағын ауданында болды. Күдікті ұсталған. Марқұм өзінің азаматтық некедегі жолдасының қолынан ажал құшқан. Екеуі жалдамалы пәтерде ішімдікке сылқия тойып, бір сәтте өзара араздаса бастаған. Содан соң, күйеуі жұбайына пышақ сұғып, артынша денесін бөлшектеп, қоқыс контейнеріне лақтырып кеткен. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өзге де мән-жайлар анықталуда деп хабарлады қалалық полиция басқармасы.