$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қазақ балалар хирургиясының негізін қалаушы Камал Ормантаев дүниеден озды

12.02.2025ж. 20:30
410
Қазақ балалар хирургиясының негізін қалаушы Камал Ормантаев дүниеден озды

Қазақ балалар хирургиясының негізін қалаушы Камал Ормантаев дүниеден озды. Камал Сәруарұлы - білікті педиатр, медицина ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Еңбек жолында ол 20 000-ға жуық күрделі операция жасап, мыңдаған баланың өмірін сақтап қалды. Қазақстанда алғашқы болып балалардың туа біткен пектус экскаватасына торакопластика жасады.