$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Қорғаныс министрлігі Кенесары ханның соғыс тәсілін зерттеп жатыр

12.02.2025ж. 20:30
249
Қорғаныс министрлігі Кенесары ханның соғыс тәсілін зерттеп жатыр

Қорғаныс министрлігі Кенесары ханның соғыс тәсілін зерттеп жатыр. Бұған дейін әскери сарапшылар «Кенесары – қазақ армиясының символы болуы тиіс» деп бас көтерген еді. Министрлік одан бөлек, Сағадат Нұрмахамбетов пен Бауыржан Момышұлының ерлігін, ерекше қабілетін үлгі ретінде қарауға көшкен. Былтырдан бері 139 әскери қызметші мен 26 әскери техникадан тұратын ұлттық контингент Голан биіктігіндегі бітімгершілік миссияға жіберілген. Оның мақсаты – Израиль мен Сирия арасындағы татулықты қолдау. БҰҰ бұл үшін жылына шамамен 5 млн АҚШ долларын төлейді. Оның 2,4 млны – жеке құрам үшін, қалғаны – техниканы, қару-жарақ пен мүлікті жалға алғаны үшін беріледі.

ШАЙХ-ХАСАН ЖАЗЫҚБАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Келісім БҰҰ-дан түсетін төлемді екі банктік шотқа бөлуді көздейді. Осылайша, персонал үшін ақшаны әскери қызметшілер алады, ал мүлік үшін ақша мемлекеттік бюджетке түседі. Қаралып жатқан халықаралық шарттар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейді.