Жамбыл облысында жол апатынан тәртіп сақшысы қаза тапты. Жұмыс барысында жүрген полицей қызметтік көлігімен қарсы бағытқа шыққан машинамен соқтығысқан. Алматы-Ташкент» автожолында жол ережесін өрескел бұзған «Volkswagen Passat» маркалы көлігінің 21 жастағы жүргізушісі де сол жерде көз жұмды. Екі полицей түрлі жарақатпен Қордай аудандық ауруханасына жеткізілген. Екінші көлікте болған жолаушы да ауруханада жатыр.