Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Алматыда 23 жастағы қыз арықтағы суға кетіп көз жұмды

AstanaTV
07.06.2017ж. 20:00
2250
Алматыда 23 жастағы қыз арықтағы суға кетіп көз жұмды

Алматыда жантүршігерлік оқиға болды. 23 жастағы қыз жол бойындағы арықтың суына батып көз жұмды. Нөсер жауыннан суға толып қалған арықтан секіріп өтпек болғанда, тайып құлаған қыз көп ұзамай көпір астындағы құбырға тіреліп қалады. Ағысы қатты лай судан шыға алмай тұншығып қалған қыздың мүрдесін құтқарушылар тапқан. 

Руслан Иманқұлов, ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз хатшысы:

Таңғы сағат 7:05-те оның денесі табылды. Қазір бұл жағдайдың себебі анықталып жатыр. Мәйітті іздеу үшін 13 адамнан және 2 техникадан тұратын құтқарушылар жұмылдырылды.

Оқиға Фурманов пен әл-Фараби көшелерінің қиылысында орын алған. Мынау марқұмның денесі табылған орын. Құтқарушылар құбыр өткен аумақты бұзып, арада 2 жарым сағат уақыт өткенде мәйітті тауып алған. Қаза тапқан қыздың 1994 жылы туған Алматы қаласының тұрғыны екені белгілі болды.