$504.44 €545.65 ₽5.95
×

ШҚО-да жүкті әйел тікұшақпен ауруханаға шұғыл жеткізілді

AstanaTV
13.02.2025ж. 06:47
186
ШҚО-да жүкті әйел тікұшақпен ауруханаға шұғыл жеткізілді

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласынан Өскемен қаласына жедел медициналық көмекке мұқтаж 1989 жылы туған жүкті әйел жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған операцияны ұшқыштар Анатолий Козловский, Олег Алфеев, бортмеханик Ерғазы Сабдиров және пациентке қажетті медициналық қолдауды қамтамасыз еткен санавиация дәрігерлері жүргізді.