Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Америкалық ковбойлар Астанада көкпар ойнайды

AstanaTV
07.06.2017ж. 20:00
2534
Америкалық ковбойлар Астанада көкпар ойнайды

Америкалық ковбойлар Астанада көкпар ойнайды. ЕХРО көрмесі аясында өтетін мәдени шаралардың бірі туралы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Крол мәлімдеді. Оның сөзінше, команда былтыр Қырғыз елінде өткен көшпенділер сайысына да қатысқан. Енді Астанада өтетін бәсекеде бақ сынамақ. Мұнан өзге АҚШ тарапы бүкіл әлемдік көрмеде Американың «таусылмас қуаты» деп аталатын инновациялық шығармашылығын  көрсетпек.

Джордж Крол, АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:

Біздің мәдени бағдарламаларымыз  ЕХРО көрмесі кезінде Астанаға келетіндерге АҚШ мәдениеті мен ерекшелігі туралы білуге жол ашады. Инновациялық құндылықтар да орын табады. Павильон 3 бөліктен тұрады, және таусылмас қуат көзін көрсетеді.