$537.91 €628.87 ₽6.6
×

Бурабайда сауда орталығының қасынан жас жігіттің мәйіті табылды

AstanaTV
13.02.2025ж. 12:38
Бурабайда сауда орталығының қасынан жас жігіттің мәйіті табылды

12 ақпан күні кешкісін Бурабайда 25 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Марқұмның мәйітін сауда орталығының қасынан, терезенің астынан тапқан.

«Алдын-ала ақпарат бойынша жас жігіт сауда үйінің төртінші қабатынан секіріп, суицид жасаған. Қылмыстық іс тіркелді», - деді Ақмола облысының Полиция департаменті.

Құқық қорғаушылар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.