Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасына биік ғимарат тұрғызуға тыйым салынады.
Бүгін Сенат «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңы мен ілеспе құжатты екінші оқылымда мақұлдады. Заң бойынша Түркістан еліміздің рухани-тарихи астанасы мәртебесіне ие болады. Демек бұл бірегей қала елдің рухани, тарихи-мәдени және туристік орталығы ретінде одан әрі дамиды.
Ежелгі Түркістан ескерткіштерін қорғау үшін қазір археологиялық резерват құрылып жатыр. Қала әкімдігіне ескерткіштерді анықтау мен зерделеумен қатар тарихи-мәдени мұраны қорғау өкілеттігі берілді.
Сонымен қатар жергілікті әкімдік енді кәсіпкерлердің шығындарының бір бөлігін өтей алады. Яғни туризм нысандарын салған, жол бойындағы қызметті ұйымдастыру мен сыйымдылығы 8 орыннан асатын жолаушылар автобустарын сатып алған іскерлерге қол ұшын созады.
Құжат Президентке қол қоюға жіберілді.
Бұл туралы 24.kz хабарлайды.