Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Сарапшылар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына баға берді

AstanaTV
18.03.2016ж. 20:00
1235
Сарапшылар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына баға берді

6 партия да өз тұғырнамаларын елге байыпты түсіндіріп, заңбұзушылыққа жол берген жоқ. Бұл жайында саясаттанушылар бүгін Алматыда өткен «Сайлау - 2016: Үгіт-насихат кампанияларына баға беру» атты форумда айтты. Жиналғандар сайлауалды науқан барысында үміткерлер бір-бірін қаралап, жамандаудан аулақ болғанын айтты. Сол арқылы ешқайсысы да арзан ұпай жинауға ұмтылған жоқ, - дейді.

Серік Нұрмұратов, сарапшы:

Оның бірнеше критерийі, өлшемі бар. Біріншіден, дау-дамай, үлкен айқай-шу болған жоқ. Әрбір партия өзінің шамасы деңгейінде әрбір өңірлерде, аймақтарда өзінің үгіт-насихатын бір-бірімен қайшылыққа келмей жүргізді. Бұл бір қазақстандық өзінің сипатын танытып отыр, демократиялық  дамудың. 

Айгүл ЕРМАХАН