Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Бүкіл қала бір мобильді қосымшаның ішінде

AstanaTV
07.06.2017ж. 20:00
3544
Бүкіл қала бір мобильді қосымшаның ішінде

Астанада қызмет көрсету сапасы ыңғайлы бола түспек. Бүгіннен бастап Smart Астана мобильді қосымшасы жаңартылған деңгейде қызмет көрсете бастады. Қосымша қала тұрғындарына да, қонақтарына да тиімді болары сөзсіз. Онда ауа райынан бастап, ұшақ, пойыз және автобус кестелері, қысқасы, адамға қажетті мәліметтер түгел қамтылған. 11 санаттан тұратын мобильді құрылғыда мемлекеттік және қалалық қызмет түрлерін, балабақша мен тұрғын үй кезегін, Астана мектептері мен жергілікті полицей қызметі жайлы да білуге болады. Мұнан өзге қала әкімінің, учаскелік дәрігердің қабылдауына жазылып, коммерциялық қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылған. «Белсенді тұрғын» деп аталатын бөлімде сауалнамаға қатысып, қаладағы штаттан тыс жағдайларды хабарлауға жағдай жасалған.

Малика Бектұрова, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

Астана қаласы тұрғындарының біздің қосымшамен күнделікті жұмыс істеуі және біздің сауалнамаларға қатысып тұруы - біздің ең бірінші мақсатымыз. Астана қаласының белсенді азаматы деген атаққа қол жеткізу, ол да, біздің ойымызша, ең бастысы.

Жобаға бас аяғы 45 млн теңге қаражат жұмсалған. Қазір оны 100 мыңға жуық адам жүктеп үлгерді. 70 мыңдайы - белсенді пайдаланушылар. Пайдалы қосымшада тұрғындар үздік қызметкерлерді таңдай алады.

Малика Бектұрова, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

Ең үздік мұғалімді, үздік дәрігерді, үздік полицейді марапттайтын боламыз. Жылына бір рет болсын, екі рет болсын, жаңа шығып жатқан нәрсе ғой. Мүмкін, қала күніне таман және жыл соңында марапаттаймыз.