Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі. Сенат Заңды мақұлдады. Жаңа құжат Түркістанды еліміздің рухани-мәдени, тарихи және туристік орталығы ретінде дамыту үшін құқықтық жағдайлар жасауға бағытталған. Сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны қорғап, рухани нысандардың бірегейлігін сақтауды көздейді. Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев жаңа құжат Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін арнайы әзірленіп, мақұлданғанын айтты.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Түркістан шаһарын еліміздің сәулет, рухани, тарихи-мәдени және туристік орталығы ретінде дамыту үшін кешенді шаралар көзделген. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін және басқа да тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ететін нормалар да қарастырылған. Жалпы мақұлданған заңдар қаланың ұзақ мерзімді орнықты дамуына сомды үлесін қосады деп сенеміз.