$499.22 €519.14 ₽5.64
×

120 әуе рейсі кейінге шегерілді

13.02.2025ж. 20:00
232
120 әуе рейсі кейінге шегерілді

Чили орманы өртке оранды. Араукания аймағында болған тілсіз жау бір адамның өмірін жалмады. 40-ТАН аса адам үйсіз қалды. Мамандар жалынды өшіру үшін барын салды. Шағын ұшақтар мен тікұшақтар тартылған.

Ал Боливия су тасқынынан көз ашпады. Соңғы бір айда қайта-қайта тасқын болып, жұрттың әбден мазасы қашты. Кеше тағы шелектеп жаңбыр жауып, 24 адам көз жұмды. Із-түзсіз жоғалып кеткен тұрғындар да бар. Ла-Пас аймағында жүздеген үй су астында қалды. Баспанасыз қалғандар ғибадатхананы түнеп шыққан. Қазір аймақта қауіптің қызғылт-сары деңгейін жарияланды. Өйткені, жауын әзір тоқтамайды, бір айға дейін жалғасады дейді синоптиктер.

Жапония жұртын да ауа райы әлекке салды. Өткен аптада елде қалың қар жауғанын айтып едік. Табиғаттың тосын мінезі әлі де басылмады. Кеше 1600 адам әуежайда түнеді. Өйткені 120 рейс кейінге шегерілген. Өткен аптада болған қолайсыз ауа райынан 50-ден аса адам зардап шекті. 3 тұрғын көз жұмды.

АҚШ-тың Гавай аралдарында жанартауы атқылады. Бұл бірінші жағдай емес. Өткен жылдың соңынан бері 9-шы рет қайталанған. Одан шыққан күлдің биіктігі 100 метрге жеткен. Килауэа - әлемдегі ең отты таудың бірі. 1250 метр биіктікте орналасқан.