Ішкі істер министрлігі қоршаған ортаны ластап, бейнекамераға түсіп қалған құқық бұзушыларды көрсетті. Жыл басынан бері 54 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Соңғы бір жылда қаладағы бейнекамералар саны 1,5 миллионға жетіп, 340 мың заң бұзушылық анықталған. Бақылау камералары дәлелдер жинауға, қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік береді. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар, көпшілік орынды ластағандарға айыппұл салынады.