«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы - аймақтың даму бағыттарын айқындайтын маңызды құжат.Қостанайда өңірлік филиалдың жиыны өтті. Онда былтыр атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды. Мәслихат депутаттары,фракция мүшелері есеп берді.
Партияның сайлауалды бағдарламасы – стратегиялық маңызы бар құжат. Мемлекеттік қолдаудың арқасында межелі бағдарлама жүзеге асып жатыр. Нәтижесінде аймақ тұрғындарының әл-аухаты артып, инфрақұрылым жаңарып, өңір экономикасы өрге басты.
ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:
Мемлекет басшысының сайлауалды тұғырнамасы, партияның сайлауалды бағдарламасы. Онда не айтылғанын халық жақсы біледі. Ел жадында. Сондықтан толық орындалу керек.
Былтыр аймақта 5 мыңнан астам отбасы жаңа баспанамен қамтылды.1200 шақырым автожол күрделі жөндеуден өтті.108 елдімекеннің көшелеріне асфальт төселді. 55 мың үй орталықтандырылған су желісіне қосылды. Тобыл өңірінде ауыз сумен қамту деңгейі 90 проценттен асты. Партияның игі бастамалары да жемісін беруде.
СЕЙІТБЕК ҚУАНЫШБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
«Бақытты отбасы» жобасы аясында депуттардың қолдауымен 181 қайырымдылық акциясы өткізіліп, халықтың әлеуметтік осал топтарынан 3244 отбасы қамтылды. Мысалы «Баланы мектепке даярлайық» акциясы аясында партия 1702 отбасыдан шыққан 2289 балаға 30 миллион теңге көлемінде көмек көрсетті.
Депутаттар тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп сайлауалды бағдарламаның дер кезінде орындалуын жіті қадағалап отыр. Былтыр фракция 136 отырыс өткізсе, соның тоқсан төртін Жол картасының орындалу мәселелеріне арнаған. Фракция мүшелері 200-ден астам әлеуметтік маңызы бар нысанға барған.555 депутаттық сауал жолдап, 746 қоғамдық қабылдау өткізген. Соның нәтижесінде партияға жүгінген адамдардың 75 пайызының проблемасы оңынан шешілген.
ҚЫРМЫЗЫ ЖАҢБЫРШИНА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Әрине кейбір орындалмаған жұмыстар да бар. Орындалу үстіндегі жұмыстар да бар. Соның барлығының барысын бүкіл билік өкілдерімен талқылап, сол жөнінде есеп аламыз. Әрі қарай да жұмысымызды жалғастырамыз.
Өңірде сайлауалды бағдарлама аясында 16 негізгі индикаторға сәйкес 101 жоба іске асқан. Табысты арттыру, экологияны жақсарту, инфрақұрылымды дамыту және халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселелері қамтылып отыр.